КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАНЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫН АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер Н-ның кәмелетке толмаған баласының тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сотқа берген арызында талапкер Н.-ның жауапкер Ж-мен заңды некесі 01.03.2010 жылы бұзылғанын, неке бұзу туралы сот шешімімен кәмелетке толмаған баласы жауапкер Ж.-ның тәрбиесінде қалғанын, алайда, 09.01.2015 жылы кәмелетке толмаған баласы анасымен тұрғысы келмейтіні жөнінде шағымданып келгенін, үйінде балаға барлық жағдай жасалатынын, ал жауапкердің басқа ер азаматпен азаматтық некеде тұратынын көрсете отырып, кәмелетке толмаған баласы А-ның тұрғылықты мекен – жайын өзімен анықтап беруді сұраған.
Сот отырысында жауапкер Ж. баласының талапкер Н-мен тұруына қарсылығы жоқ екендігін көрсете келе, талапкердің талабын толық қанағаттандыруды сұрады.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 110, 217-219, 221 баптарына сәйкес ювеналды соттың шешімімен талапкер Н-ның жауапкер Ж-ға қатысты кәмелетке толмаған 10.05.2006 жылы туылған баласы А. тұрғылықты мекен-жайын анықтауды сұраған талап арызы қанағаттандырылды.