ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
25 жастағы келіншек күйеуімен сөзге келіп, жанжал үстінде асхана пышағымен күйеуін өлтірген қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдерің қойған сұрақтарына жауап берді.
Сот үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Одан басқа сотталушы жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге моральдық шығын өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі