ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ШАРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ
2016 жылдың өткен мерзімінде Қызылорда облысындағы 33 мекемеде 4 406 жұмысшыға 808,1 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы анықталды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 27 кәсіпорынның 4091 жұмысшысы үшін 707,7 млн. теңге жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етілді.
Облыс прокуроры осы орайда уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына қалған 6 кәсіпорындағы 315 жұмысшыға 100,4 млн. теңге жалақы берешегінен құтылу жөнінде тапсырма берді. Кәсіпорын басшылары келеңсіздік туғызғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкін.