ЕКІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мемлекеттік тілді дамыту маманы Бибігүл Бәйтерекова Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған облыстық «Тіл мерейі» байқауында кәсіби талантын көрсетті.
Байқау мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік педагогты анықтау. Байқау үш кезең бойынша өтті: өзін-өзі таныстыру, электрондық портфолионы таныстыру және белгілі бір тақырыптағы сабақ үлгісін көрсету.
Әріптесіміз өз шеберлігін көрсете отырып, байқау қорытындысымен жүлделі ІІ орынды иеленді.
Гүлназ БАДЫРАҚОВА