ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІДЕН АУЛАҚ БОЛУДЫ НАСИХАТТАУДА
Қызылордалық полицейлер есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында профилактикалық шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлады Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі.
«Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында арнайы айлық өткізіп, оның барысында облыстағы балалар тынығу лагерьлерінде демалып жатқан балалар арасында акция, лекция, кездесу, спорттық іс-шаралар мен флешмобтар ұйымдастырды. Шаралардың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, есірткіден аулақ болуды насихаттау», - делінген хабарламада.
Шара аясында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, облыс көлемінде арнайы үлгідегі есірткі мәселесіне және есірткі жайлы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарласуға болатын «Сенім» телефоны көрсетілген полиграфиялық үгіт-насихат парақшалары таратылып және халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.
Шынар БЕКБАН