ЖӘРМЕҢКЕДЕ 130-ДАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА СҰРАНЫС ТҮСТІ
Кеше қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қызылордада «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Оған 24 мекемеден алдын ала 136 бос орынға сұраныс түсті. Оның ішінде мұғалім (математика, физика, география, биология, тарих, бастауыш пәні, қазақ, орыс, ағылшын тілі, хореограф), дизайнер, заңгер, тәрбиеші, кассирлер, іс-жүргізуші, тігінші, жиһаз даярлаушы, офис менеджер, дәрігерлер, есепші, автобус жүргізуші, аға прораб, электрик, автоэлектрик, монтаждаушы, тас қалаушы, күзетшілер, ағаш ұстасы, КИПиА инженері, дәнекерлеуші, скважина күрделі жөндеу шебері, аспазшы, кондитерлер, және жұмысшылар бар.
Жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, шағын несиелендіру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.