ҚЫТАЙДАН 25,6 МЫҢ ТОННА КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС ӘКЕЛІНГЕН
Адам ағзасының арқауы ас болғанда, қазіргі кездегі ас атасы, әрине, көкөніс-жеміс десе болады. Осы орайда, қазақстандықтардың дастарханын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етудің Қытаймен арадағы қатынасы жақсы жолға қойылды.
Екі жақты «жасыл дәліз» жобасы өткен жылдың желтоқсан айында Пекиндегі ресми сапар барысында талқыланып, екі елдің Премьер-министрлерімен келісілген болатын. Жобаның мақсаты – Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға әкелінетін жеміс-жидек, көкөніс өнімдерінің тез өтуін және кедендік ресімделуін қамтамасыз ету.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» кеден бекетінде кедендік бақылаудың автоматтандырылған жаңа жүйесі жабдықталып, бөлек жолақ бөлінді. Ауылшаруашылық өнімінің тоқтаусыз өтуін қамтамасыз ететін жауапты, құзыретті ведомстволардың өкілдері бекітілді. Қытай бекеті «Покитумен» бірге «жасыл дәліз» жобасы жүзеге асырылғаннан бері көлік құралдарын өткізудің орташа уақыты бұрынғы 240 минуттан қысқарып, 69 минутқа жеткен.
Бұл, Қазақстан Республикасының кеден органдары жеміс-жидек өнімдерін бақылаусыз өткізіп жатыр деген сөз емес, заңнамада қарастырылған барлық бақылау рәсімдері қолданылып отыр. «Бақты» арқылы өтетін өнімдердің жартысына жуығын қызанақ, 22 пайызын картоп, қалған бөлігін алма, бұрыш, баклажан және жуа құрайды екен. Соңғы айларда 10 пайыздық үлесті шәрбат сусындар алыпты.
Алты айдың қорытындысымен Қытайдан жалпы салмағы 25,6 мың тонна, құны 30,3 млн. АҚШ долларының көкөнісі мен жемісі әкелінген.
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы