РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ «ТЕГІН ТАКСИ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламызда Рамазан айының құрметіне «Тегін такси» қызметін ұйымдастарды, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен қалаға қарасты қалалық мешіттердің бірігуімен барлығы 27 жеңіл көлік қала тұрғындарының игілігіне қызмет жасады.
Атап айтар болсақ, «Сыбаға», Жайна», «Сұлтан» сауда орталықтары мен халық көп шоғарланатын орындарда аталмыш жеңіл көліктер жүгі бар халықты тегін тасыды.
«Рамазан айының құрметіне халыққа қызмет көрсету, қасиетті айдың келуіндегі қуанышты сезіндіру, сауапты амалдардың маңыздылығын ұғындыру, қайырымдылық көрсету, халыққа жеңілдік жасау мақсатындағы бұл шараның маңыздылығы зор» - деп атап өтті өкіл имам Талғат Омаров. Игі бастама жұртшылық көңілінен шығып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды.
Шынар БЕКБАН