ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚҰРМА ТАРАТЫЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қасиетті Рамазан айының құрметіне бірнеше танымдық шараларды ұйымдастырып келеді.
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен қалалық мешіт қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға жарапазан айтып, тегін құрма таратып Рамазан айымен құттықтады, деп хабарлады мешіттің баспасөз қызметі.
Өкіл имам Талғат Омаров бастаған топқа қарапайым халық ризашылығын білдіріп жатты. Жарапазан айту арқылы Қасиетті айдың қадірі асқақтап, осы айдың келуіне деген қуанышты сезіндірген шара көпшілік көңілінен шықты.