БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі жазғы кезеңдегі жұмыстарының қиындықтарына қарамастан судағы қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Жасақ құтқарушылары күнделікті өздеріне белгіленген Сырдария өзенінің қауіпті аумақтарында және қалалық жағажайдың құтқарушыларына да тәжірибелі көмек көрсетіп, бірлескен кезекшіліктерді ұйымдастыруда.
Одан да басқа судағы қайғылы оқиғалар орын алғанда зардаптарын жою мақсатында сүңгуір-іздестіру жұмыстарын дер кезінде жүргізуде. Осы жұмыстарды шағын ұжыммен атқарудың өзі онайлыққа түспейді.
2016 жылдың 15 маусым күні жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы Жалағаш ауданы №246 орта мектебінің мәжіліс залында Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Балалардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігі» атты сабақ өткізді. Сабаққа аудан мектеп директорлары, мұғалімдер, сауықтыру лагерлерінің басшылары және ата–аналар қатысты.
Іс-шара барысында демалыстағы балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін насихаттау мақсатында суға шомылғанда өзін-өзі ұстаудың ережелерін, шомылушыларға кеңес, суда қатерге ұшырағандарды құтқару, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыптарына түсініктемелер жүргізілді. Аталған іс-шараларда бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның соңында «Ақ терек» сауықтыру лагеріне барып, жасақ құтқарушылары құтқару тәсілдерінің бірнеше түрлерін балаларға іс жүзінде көрсетіп, су айдынына ата-аналарынсыз баруға болмайтынын айтты және қауіпсіздік ережелері жазылған үнпарақтар барлық балаларға таратылды. Бұл іс-шаралар келешекте балалардың өмірін судағы қауіп-қатерлерден сақтау мақсатында өткізілуде.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-сі