40 КҮНДЕ ӘСКЕРИ БИЛЕТТІҢ ИЕГЕРІ БОЛАСЫЗ
2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты ақылы негізде «атқыш» мамандығын дайындайтын «Әскери техникалық мектеп» ашылған болатын. Оқу – орнында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілермен, 22-27 жас аралығындағы әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған ер азаматтар оқи алады - деп хабарлайды Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Әскери техникалық мектептің оқу ақысы 263.318 теңгені құрайды. 1 жылдық әскери саладан еш айырмашылығы жоқ. Барлық қойылатын талаптар бірдей. Алдымен денсаулығыңыздың жарамдылығы, қылмыстық іске қатысы болмауы бірінші орында. Екінші орында, әскери тәртіптің қыр - сырын меңгеріп, сертификат алады. Алынған сертификат негізінде жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барып, әскери билет алады. Әрі қарай келісімшарт бойынша немесе мемлекеттік қызметте жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Соңғы мәліметтер бойынша, 2013-2015 жылдар аралығында 1000 – нан астам сарбаз «қатардағы жауынгер» әскери шенін алған.