ОРАЗА ТҰТУШЫЛАРҒА АРНАП МЕШІТТЕ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Рәсім облыс орталығындағы «Сырдария-Ақмешіт» мешітінде орын алды.
Ауызашарға екі жүзге жуық адам қатысты. Олардың арасында ораза тұтушылармен бірге еңбек ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері де болды. Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы И.Бәкішева мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтап, баршасына жақсылық пен ізгілік тіледі. Ал мешіт имамы құран бағыштап, тілек айтты.