ЖАСӨСПІРІМНІҢ ТҮНДЕ БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕГЕ КІРУІНЕ ЖОЛ БЕРГЕН
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаладағы ойын-сауық орталығының иесіне қатысты әкімшілік істі қарады.
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол орталықтың екінші қабатында орналасқан букмекерлік ойын-сауық орнына түнгі уақытта жасөспірімнің кіруіне жол берген. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, әлгі баланың сол жерде жұмыс істейтін кісіге тамақ алып келгенін, кінәсін толық мойындайтынын, алдағы уақытта қайталанбауға шара қолданатынын көрсеткен.
Сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 45 АЕК көлемінде 95 445 теңге айыппұл салды.