ҰРЛЫҚ ІСІ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Арал аудандық сотында ұрлық жасады деп айыпталған азаматтың қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.
Сотталушы Т. 2016 жылдың 27 сәуірінде өзі жұмыс істейтін «Арал балық зауыты» ЖШС-не жұмысқа барып, киім ауыстыратын бөлменің терезесінің алдында тұрған Е-нің ұялы телефонын қалтасына басқан. Жәбірленушіге осылайша 49000 теңге шығын келтірген.
Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген залалды қалпына келтіруге қол жеткізіп дауды реттеу туралы келісім жасап, сотқа ұсынған.
Сотталушы Т. ҚР қылмыстық кодексінің 68-бабының 1 бөлігінің талабына сай жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі