БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ САЙЫСЫ
Кеше Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Білімді мыңды жығар» атты ойын-сайыс өткізді.
Ойын-сайыс «Сәлем – сөздің анасы», «Мақал – сөздің мәйегі», «Кім көп біледі?», «Ойлан, тап», «Әудем жер», «Кім тапқыр?» сияқты кезеңдерден тұрды. Шараға қаладағы №197, 271, 278 орта мектептердің «Күншуақ», «Ақ желкен», «Балдәурен» жазғы тынығу лагеріндегі балалар белсене қатысты.
Сайыс көңілді және тартымды өтті. Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, кітап көрмелеріндегі әдебиеттермен танысты.