ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ БІР КҮНІ
Тоқтаусыз тіршілікте бұқарамен біте қайнасып, қоғамдық тәртіпті қадағалауда күндіз-түні көз ілмейтін құқық қорғау қызметкерлерінің көтерер жүгі мол, қиын да күрделі кәсібі қай құрметке болмасын лайық.
Алайда, бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер – бұл мамандықты марапат-мақтау алу үшін емес, ең алдымен, жүрек қалауы арқылы, ел тыныштығы мен қоғам тәртібін сақтау үшін таңдап, өмірлерін осы салаға арнаған ержүрек жандар. Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет атқара отырып, күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, жұмыс барысындағы табандылығы, төзімділігі, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Ж.Төреқожаның атқарар жұмысы да көтерер жүгі де ауыр. Әділет капитаны мекемеде 2003 жылдан бергі аз уақыт ішінде кіші басшы құрамнан мекеме бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Атқарылар жұмыстар мен жауапкершілікті жүктеп, оны уақытылы орындау, үлкен еңбекті қажет ететіні анық. Таңғы сағат 07.30 да жұмыс орнынан табылатын әділет капитаны Ж.Төреқожа жұмыс күнін алдымен түзеу мекемесінің ауласын, мекемедегі жазасын өтеушілердің жатағын және өндірістік аймақты аралаудан бастап, одан әрі мекемеде жаза мерзімін өтеуші сотталғандарды тәрбиелеу, күзету және қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауіпсіздігін сақтап, ішкі тәртіпті қамтамасыз етумен жалғасады.
Мекеменің жедел жағдайына бақылауды, режимдік талаптардың орындалуын, жазаны өтеудің заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етуді өз дәрежесінде ұйымдастырылуын, мекемедегі бақылау-өткізу режимін, рақымшылық және кешірім жасау кесімдерінің орындалуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша «Нұр Отан» ХДП-мен жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралардың тиісті дәрежеде жүргізілуін қадағалап отырады.
Күнделікті мекеменің жедел бөлімінің қызметі, режим бөлімінің, сонымен қатар, арнайы есепке алу бөлімімен тығыз байланыс орната отырып, аталған жұмыстардың орындалуын және шешімін тауып, істен нәтиже шығару кез келген адамның қолынан келе бермейтін жауапты іс. Әрине осындай жауапты жұмысты атқару әділет капитаны Ж.Төреқожа секілді білікті маманның ғана қолынан келетін іс екені сөзсіз.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД