ЖАҢАҚОРҒАН, ШИЕЛІ АУДАНДАРЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
Кеше Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Дін бірлігі – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында аудандық форум өтті.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тұрғындардың діни сауатталығын арттыру және өңірдегі дінаралық татулықты одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылған форум Қызылорда облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығын өткізді. Форумға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, "Ақмешіт - Сырдария" мешітінің бас имамы Талғат Омаров, облыстық "Келісім орталығының" директоры Рахима Ахметова және облыстық дін істері жөніндегі орталығының директоры Бақытжан Камалов және сала мамандары қатысты.
Қазіргі таңда елімізде конфесcияаралық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңа жүйесін құруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Діни ілімнің даму тарихы, бүгінде кеңінен қанат жаюы еліміздің мәдениетінің қалыптасуы мен ертеңгі болашақ күннің бағдарын айқындау тақырыбы аясында баяндама жасалды.
Шынар БЕКБАН