ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСУДА
Жыл сайын осы күзгі мезгілде еліміздің барлық өңірлерінде қала аумақтарын тазарту шаралары қолға алынады. Қызылорда қаласы әкімдігі 13 қыркүйектен бастап екі айлық тазалық акциясын жариялады. Осыған байланысты Қызылорда облысы ТЖД , ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамы сенбілікке белсене қатысып, жақын аймақтардағы қоқыстарды тазалады. Осы ретте департаменттің жаңадан берілген ғимаратында және қала әкімшілігі бекіткен көшелерде тазалық жұмыстары жалғасын тапты. Осы шаралар көшелердің әсемденуі және гүлденуімен қоса әрбір ұжымның ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыруға бағытталды.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі