ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаментінің қызметкерлері «Зайырлылық – біртектілік пен бірліктің кепілі» тақырыбында «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жоспарлау және ұйымдастыру" бөлімінің маманы Бақтияр Оспановпен және "Ақпараттық-насихат және діни бірлестіктермен жұмыс жасау" бөлімінің маманы Әлібек Жаппасбаевпен кездесу өткізді. Бұл туралы мекеменің kyzylorda.stat.gov.kz сайтында жарияланды.
Кездесуде мемлекетіміздің дін саласындағы ұстанымы, рухани келісім мен тұрақтылықтың маңызы турасында баяндалды. Кездесу барысында дін мәселелерін зерттеу орталығы әзірлеген бүктемелер таратылып, бейнеролик көрсетілді.