ӨРТТІҢ ӨРШИ ТҮСЕТІН ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢ САҚТАНУ КЕРЕК!
Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Қайрақбаев жергілікті тұрғындарға «Қоғам ТД» телеарнасындағы «Мезгіл мәселесі» тікелей эфир бағдарламасында ескертті. Жыл басынан бері облыста 180 өрт болып, 6 адам қаза болған, 8 адам жарақат алғандығын, төтенше жағдайдың орын алуына себеп болатын жағдайларды үнемі қадағалап отыру керектігін айтты. Яғни, кішкене баланың сіріңкемен, электр жүйелерімен ойнамауын назарда ұстау, ішімдік ішкен күйде шылым шекпеу, табиғи газды пайдаланар уақытта өте мұқият болу керектігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар аталған телебағдарламаға ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жадал құтқару жасағы» ММ басшысы Бақыт Ембергенов қатысты. Ол: «Жазғы ыстық күндер басталысымен-ақ облыс су айдындарында салқындап демалатындардың саны арта түседі. Осы ретте көбінесе адамдар суға түсу ережесінің қарапайым қағидаларын сақтамағандықтан қайғылы жағдайларға тап болып жатады.
Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 8 адам суға кеткен, оның 7-еуі бала. Құтқарушылар дер кезінде әрекет жасап 2 адамды аман алып қалған.
Қайғылы жағайлардың себептері төмендегіше болған:
1. Барлық 7 бала ата-анасының қарауынсыз су айдындарында суға түскендер.
2. Су айдындарында қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтамаған және суға түсуге болмайтын орындарда суға шомылған – 1 адам.
Тұрақты жүргізіліп жатқан үгіт-насихаттық іс-шараларына қарамастан, суда қаза болғандардың саны үдей түсуде.»,-деді.
Тікелей эфир барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі, әсіресе су айдындарында және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде айтылды.
Соңында бағдарламаның жүргізушілері Баян Құлтанова мен Тілеген Бекарыстанов төтенше жағдай саласы мамандарына тікелей эфирде сұхбат бергендігі үшін алғыс білдірді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы