МЕКТЕП ЛАГЕРІ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының құрылуына 24 жыл толуын мерекелеу бойынша, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау қызметкерлері жазғы демалыс күндері ашық есік күнін өткізді. Қызылорда қаласы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп жанындағы лагерьдің балалары өрт сөндіру бөліміне келді.
Өрт сөндіру бөлімінің экскурсиясы балалардың білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді. Танысу басындағы әңгіме өрт сөндіру бөлімімен танысудан басталды. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Ж. Қалмаханов өрт сөндірушілердің жұмысын, өрт сөндіретін көмекші техника туралы айтып өтті. Өрт-техникалық жабдықтарын, өрт сөндірушілердің киімін балалар үлкен қызығушылықпен қарап, кейбір балалар өрт сөндіруші киімін киіп, өздерін өрт сөндіруші ретінде сезініп көрді.
Әрі қарай, өрт сөндірушілер мен лагерь тәрбиешілері бірлесе отырып, балалар үшін «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында балаларға өрттің шығу себептері,өрт болған жағдайдағы не істеу ккеректігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі ММ