15 ЖАСАР БАЛА АНАСЫН АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУҒА АРЫЗДАНДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жастағы талапкер Карибаевтың жауапкер Сартаева аналық құқығынан айыруды сұраған азаматтық ісін қарады.
Істі қарау барысында, талапкер Карибаевты анасы, яғни, жауапкер Сартаева тұрғылықты үйінен тіркеуден шығарып, 3 қаңтар күні үйден қуып жібергені, қазіргі уақытта Карибаева нағашысының үйінде екені, Төратамнан Байқоңыр қаласына қатынап оқитындығы, анасы, яғни, жауапкер Сартаевадан ешқандай көмек бермейтіні, алименттің ақшасын өз пайдасына жұмсайтыны, яғни арақ ішетіндігі, туылғаннан бастап анасының мүлдем тәрбиесімен айналыспағандығы, аналық міндетін атқармағаны, моральды және материалдық тұрғыдан көмек бермегені анықталды.
Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 67 бабының 2 бөлігінде баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар екендігі және баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгінуге құқылы екендігі бекітілген.
Талапкер Карибаев 1999 жылы туылған, яғни, он бес жасқа толған және тікелей сотқа жүгініп отыр.
Жауапкер Сардарова сотқа арыз беріп, арызында баласы Карибаевтың берген талап арызымен толығымен келісетінін, талап арызды мойындайтынын, өзін ата-аналық құқығынан айыруды сұрайтынын, сот отырысына келе алмайтынын, қызын көргісі келмейтінін көрсеткен.
Азаматтық іс құжаттарын зерттеп, тараптардың түсініктерін, Қызылорда қалалық білім бөлімінің өкілі мен прокурордың талап арыз қанағаттандырылуға жатады деген қорытындыларын тыңдап, сот, талапкер Карибаевтың талап арызын қанағаттандырып, жауапкер Сардарованы аналық құқығынан айырды.
Аты-жөндері өзгертілген.
Соттың баспасөз қызметі