"ЖАӉА ӘЛЕМДЕГІ ЖАСТАР КЕЛБЕТІ" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектіӊ қатысуымен "Жаӊа әлемдегі жастар келбеті" атты облыстық жастар форумы өтті.
Аталған форумда 7 аудан, Байқоӊыр мен Қызылорда қаласынан 200 делегат бас қосты.
Форум аясында қатысушы делегаттар "Open talks" форматында ұйымдастырылған 5 бағыт бойынша: "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру", "Білім. Инновация. Цифрлы Қазақстан", "Агро инновация", "Салауатты ұрпақ", "Made in Qyzylorda" сессия жұмыстарына қатысты.
Нәтижесінде Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ 2021 жылға дейінгі жол картасы қабылдананып, "Креативті идеялар фабрикасы" және "Жас журналистер клубы" құрылды.