ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА 505 ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРУДА
Кеше таңғы сағат 08:00-ден бастап Жаңақорған кенті орталығындағы №110 мектеп лицейінің қарсы алдына жиналған жаңақорғандық бітіруші талапкерлер ҰБТ тапсыруда. Яғни, түлектердің жылдар бойы алған білімі сарапқа салынуда.
Білім бәсекесінің ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Руслан Рүстемов бітіруші түлектерді құттықтап, бірыңғай ұлттық тестілеу жас түлектердің жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашатынын айтты. Мемлекетімізге жоғары білімді мамандар қажет екенін де атап өтіп, түлектерге, ақ жол тіледі.
Айта кетейік, биылғы сынама тестке аудандағы бітіруші түлектердің 58 пайызы қатысуда. Яғни аудан бойынша 914 бала мектеп бітірсе, соның 531-і сыннан өтуде. Оның ішінде 41 бітіруші «Алтын белгі» белгісіне, 9 талапкер жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткер.