ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Жуырда Жаңақорған кенті әкімдігі ғимаратынан медиация кабинеті ашылды. Шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов, аудандық сот төрағасы Нұрлыбек Қосанов және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пен ауылдық округтерден келген медиаторлар қатысты.
Кабинеттің ашылуында сөз алған аудан басшысы Руслан Рүстемов медиацияның халықтық үлгісі ел ішінде бұрыннан болғандығын тілге тиек етіп, оның тиімділігіне, өміршеңдігіне тоқталды. Ал аудандық сот төрағасы Н.Қосанов заңның басты мақсаты - сот жұмысын жеңілдету екендігін еске салып, алдағы уақытта аудан тұрғындарына істі сотқа жеткізбей медиацияда шешуге толық мүмкіндік барын жеткізді.
Аудан әкімдігінің құқық бөлімі басшысы Ж.Дюсенбаева медиаторлар құрамының толықтырылып, олардың білімін жетілдіру үнемі назарда болатындығын айтты.