ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ТАСТАН МҮСІНДЕР ПАЙДА БОЛДЫ
Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылдық округінде орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» ілкімді істі қолға алды. Орталыққа басшы болып келгеніне 1 жыл тола қоймаған Үмбетәлі Абибуллаев лагерь ауласында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін дүниелермен толтықтырды. Жуырда ғана мұнда кіші архитектуралық «Құсбегі» мүсіні және «Ұлттық мәдени-орталық» салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші кезекте құрметті қонақтар туған жердің қазыналы тастарынан сыр шертетін тастар көрмесімен танысудан бастады. Оның ішінде айналаға айрықша көрік беріп тұрған қолына «Лақа» балығын қапсыра ұстаған, жас баланың келбеті қос субұрқаққа тамаша көрініс беріп тұр. Сондай-ақ, Қаратау бөктерін мекендейтін «Тау ешкі» мен «Құсбегі» кіші сәулет құрылымы да көз тартарлық.
Киіз үй тәріздес ұлттық нақышта безендірілген «Ұлттық мәдени-тәрбие орталығы» ішінде ұлттық ойындары паш етілді. Салтанатты шарада жеткіншектер сақаларын айналдырып асық атудан ойын ойнаса, жастар жағы «Алтыбақан» теуіп ұмытыла бастаған дәстүрімізді дәріптеді.
Шынар БЕКБАН