ЖАҢАҚОРҒАНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Жаңақорған ауданы әкімдігі мен Халықаралық "Қазақ тілі” қоғамының облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік ел ұйытқысы” атты облыстық семинар-кеңес өтті.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат бастаған бір топ тіл жанашырларлары кент орталығындағы «Тағзым» алаңына гүл шоқтарын қоюдан бастады. Одан әрі Спорт кешені, аудандық музей, «Жалын» балабақшасы мен аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті редакциясында болып, ел ағалары мен жас буын арасындағы сабақтастықты тамашалады.
Одан кейін «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өткен облыстық семинар-кеңеске ұласты. Семинар модераторы аудан әкімі С.Тәуіпбаев ауқымды кеңестің маңыздылығы мен мазмұнына тоқталып, ашып берді.
ҮЕҰ-төрағасы С.Аңсат, сала басшысы А.Айдосова, қоғамдық ұйымның аудандық филиалы төрағасы І.Нәрзілдаевтар мемлекеттік тілдің мәртебесі хақында баяндамалар оқыды.
Семинар соңында ұйымдастырушылар тарапынан ана тіліміздің асқақтауына зор үлестерін қосып жүрген бір топ сала мамандары «Алғыс хаттармен» марапатталды.