БІРЛІК КҮНІН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ЖАРҚЫН КӨҢІЛ КҮЙДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
Жаңақорған ауданында орталық алаңға жиылған көпшілік қауымды аудан әкімі Руслан Рүстемов құттықтап, мерекелік лебізін жеткізді.
– «Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбегі Қазақстанның ұлы мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне кепіл болмақ» - деп Елбасы айтқандай, ауданда қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтауда, аудан халқының бірлігі мен ынтымағын арттыруда өзге этнос өкілдерінің қосқан үлесі қомақты. Ел мен қоғамға арналған адал еңбек еселеніп, ел бірлігі жолындағы жұмыстарыңыз алға берсін!»-деді аудан басшысы.
Мұнан кейін ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығына атсалысқан еңбек үздіктері аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Бірлікті насихаттайтын театрландырылған көрініс көптің көңілінен шықты. Өз кезегінде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мереке көркін қыздыра түсті. Ал, білекті жігіттер қол күрестен кім мықтыны анықтаса, балуандар бозкілем төрінде белдесті.
Шаттыққа кенелген тұрғындар мерекелік көңіл-күйде тарқасты.