ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ КӘСІПКЕР АЯҚ КИІМ ШЫҒАРАТЫН ШАҒЫН ЦЕХ АШТЫ
Жаңақорған аудандық кәсіпкер аяқ киім шығаратын шағын цех ашты. Туфлидің сан түрін таңдап алуға мүмкіндік мол.
«Аяқ киім шебері Оразай Қалымбетов 1993 жылы қарапайым отбасында туылған. Өз қаржысына бастап жатқан екінші кәсібі. Аяқ киім шығаруға қажетті шикізатты (былғары) Ташкент, Шымкент, Ресейден алдыртуда. Еңбегінің 75 пайызы қолдың жұмысы болғандықтан бүгінгі таңда аяқ киімнің бағасы 5000-6000 теңге көлемінде», - деп Фейсбук әлеуметтік парақшасында жаңақорғандық Әбдісамат Әбдіш жазады. Ұлтарақ тұсындағы «скороход» жазуы «жылдам жүріс» деген мағынаны береді екен. Бірақ, бұл атауды Шымкент қаласындағы досы қойғандықтан, алдағы уақытта басқа сөзге ауыстыратын ойы бар.
Шебердің айтуынша, келешекте заманауи станоктар сатып алуды жоспарлайды. Сол уақытта бағалары төмендеуі мүмкін. Бүгінде жас кәсіпкер үш тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Шынар БЕКБАН