ЖАҢАҚОРҒАНДА ЭТНО-ДУМАНДЫ ШАРА БОЛЫП ӨТТІ
Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Талдысу» тынығу лагерінде «Наурыз- дәстүр» атты этно-думанды шара болып өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов қатысты. Мерекеге арналып мекеменің ауласына тігілген қараша үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, жергілікті өнерпаздар қазақ халқының ғибраты мол ғұрыптары мен тағылымды дәстүрлерінен сахналық көріністер қойып, ән мен жырдан шашу шашты. Мұнымен қоса алаңда жастар арасында гір тасын көтеру, арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Аудан басшысы жиылған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, тұрғындарға табыс пен сәттілік, жақсылық пен молшылық тіледі.
Мерекелік шара соңында Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келген жұрт киіз үйлерге кіріп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсындағы басты тағам- Наурыз көжеден дәм татып, ризашылықтарын білдіріп тарқасты.