ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушы Б-ның ісі қаралды.
Құқық бұзушы Б. Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі бойындағы өз үйінің ауласынан 2 қабатты ғимарат дүкен құрылысы объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органға хабарламай бастаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Б. кінәсін мойындап, ол жөнінде хабарлау қажеттілігі туралы білмегенін, алдағы уақытта қайталанбайтынын көрсетті.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Б-ға әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысаналары мен құралы тәркіленбей, 25 АЕК көлемінде 53025 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшін енген жоқ.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі