АУДАН ӘКІМІ АҚЫННЫҢ ОТБАСЫНА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
Елімізде тұңғыш рет мерекеленіп жатқан 1 наурыз «АЛҒЫС АЙТУ» күніне орай, Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов арқалы ақын, жырау, термеші, сазгер, әнші Нұрберген Тастаевтың отбасына ат басын бұрды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Өзі өмірден өтсе де, артынан өшпес із қалдырған қарымды қаламгердің жары Ботакөз Орынбасарқызын алғыс айту күнімен құттықтады. Аудан әкімі мүмкіндігі шектеулі қыз тәрбиелеп отырған ақынның отбасына қаржылай көмек қолын созды. Игілікті істің басы-қасынан табылатын әкімнің мейіріміне, Ақтоты Нұрбергенқызы өз тарапынан «рахметін» ыстық ықыласпен жеткізді.
Осыдан кейін, «Алғыс айту» күніне орай өткізілген шара «Ардагерлер және жастар ресурстық орталығында» жалғасын тауып, концерттік бағдарламаға ұласты.