«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференцияны аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Руслан Рүстемов ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға 30 бастауыш партия ұйымның делегаттары қатысты. Олардың басым бөлігін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесі мен бюро мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық салалық бөлім басшылары, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құрады.
Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев сөз алып, бағдарламада басымдық берілген мәселелерге қатысты ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылатын кандидаттар тізімінің жобасымен аудандық партия филиалының консультанты Н.Жахудаев таныстырды. Ал Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалынан Қызылорда облыстық партия филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясына сайланатын делегаттар өкілдерінің келісілген тізімін «Талап» топтық ұйымының төрағасы Р. Сүлейменов хабарлады. Және оларды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюросы мақұлдап, конференция делегаттары үміткерлерді бекітті. Конференция барысында әр саланың мамандары, ҮЕҰ мүшелері мен жастар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.