ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІНЕ ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
Жаңақорған ауданы әкімі Руслан Рүстемовтің аудан тұрғандарымен есептік кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімінің есептік кездесуіне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан басшысы өз хабарламасында 2015 жылдың аудан үшін табысты жыл болғандығын, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша облыста жетекші орындардан көрінгендігін атап өтті. Сондай-ақ, жаһандық және республикадағы қаржылық дағдарысқа қарамастан аймақ басшысының қолдауымен ауданда бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылғандығын сөз етті.
Ал облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында келесі жылы қолға алынатын газдандыру жобасы мерзімінен бұрын басталды. Осы мақсатта «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалы облыс бойынша жобалық құны 23,5 млрд теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын барша қарқынды жүргізуде.
Жалпы, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда; өнеркәсіп өнімдері- 148,0%, құрылыс жұмыстары – 128,8%, тұрғын үй құрылысы- 108,4% құраған. Демек, қалыптасып отырған күрделі жағдайларға қарамастан, бізде өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуында ілгерілеушілік бар»,- деп атап өтті аудан әкімі Р.Рүстемов.
Айта кетерлігі, кездесу барысында қоғамдық көлік, тұрғын үй шаруашылығы, жол құрылысы және жөндеу жұмыстары, абаттандыру, ауданның санитарлық және экологиялық жағдайы туралы мәселелер аудан тұрғындары тарапынан жиі көтерілген мәселелердің бірі болды. Кездесу соңынан аудан тұрғындары жүзеге асырылып жатқан ізгілікті істерге ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің бір жылдық есебіне оң бағасын берді.