АҚҚОРҒАН АУЫЛЫНДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ
Кеше Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округіндегі «Түгіскен ТШ» ЖШС-гі күріш ору науқанын бастады. Сыр маржанын жинауға арналған кеңесте аудан әкімі С.Тәуіпбаев, Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры С.Өмірзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов диқаншылар қауымына мол өнім тілеп, салтанатты түрде қызыл лентаны қиды.
«Егін орағына 10 трактор, 3 жүк көлігі, 10 дана астық комбайны сақадай сай тұр. Жуырда ғана 25 млн теңгеге Қостанайда құрастырылған «Есіл-760» комбайынын сатып алдық. Ендігі мақсат диқаншылардың маңдай терімен еккен егінін шашпай төкпей жинап алу», – дейді «Түгіскен ТШ» ЖШС директоры Н.Рүстемов өз сөзінде.
Кеңес барысында облыс орталығынан келген сала мамандары жергілікті күріш егісімен айналысатын ауыл әкімдерімен өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.