ЖАҢАҚОРҒАНДА ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН 30 ЖАНҰЯҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Кеше Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жақыныңа жәрдемдес» атты дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтті. Қасиетті Рамазан айының сауабынан құр қалғысы келмеген жас кәсіпкерлер, ерікті жастар, аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітбаев,кент әкімі Е.Сейілов бастаған ел ағалары азық-түлік өнімдерінен садақа жасады. Акция барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмыс жағдайы төмен 30 жанұяға бір-бір қап ұн, шемішке май, шәй, макарон өнімдері үлестірілді.
«Ізгіліктің қанаты кең» деген аудан бас имамы С.Омаров бұл қайырымдылық акциясы Рамазан айы аяқталғанша өз жалғасын табатындығын, ал акцияға үлес қосамын деушілерге Алла үйінің есігі әрдайым ашық екендігін жеткізді.