ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекеттік қызмет салаларының ішінде азаматтық қорғау саласы да маңызды болып табылады. Халықтың дүние-мүлкімен құнды заттарын аман сақтауда, өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда халыққа көмек көрсету үлкен жауапты іс екені белгілі. Осындай қызметте бірнеше жыл адал қызмет атқарған Жаңақорған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ә.Сабырхановты, №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Қ.Досбанбетовті және №10 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі азаматтық қорғау аға прапорщигі М.Үсеновті салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу іс-шарасы Жаңақорған ауданы №10 өрт сөндіру бөлімі ұжымында болып өтті.
Өздерінің еңбек қызметтерін осы салаға арнаған қызметтерін абыроймен атқарған тәжірибелі қызметкерлерді зейнеткерлікке шығуымен құттықтау іс-шарасына Жаңақорған ауданы әкімі Р.Рүстемов, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балхожаев, аудандық мәслихат депутаттары С.Ысқақов, Б.Абдуллаев, Т.Мамуов, аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері С.Үсейінов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері қатысты.
Зейнеткерлерді аудан әкімі Р.Рустемов жылдар бойы атқарған қызметтерінің жемісін көретін уақыттың келіп жеткенімен құттықтап, зейнеткерлерге зор денсаулық үлкен табыстар тілеп, бұдан кейінгі уақыттарда да басқа да қызметтер атқаруларына тілектестік білдіріп, ел үшін аянбай қызмет етуге шақырды, зейнеткерлерге ақ жол, баянды өмір тіледі. Зейнеткерлікке шығып жатқан Ә.Сабырхановты аудан әкімі «Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша мемлекеттік жүйені дамытуға және нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін» құрмет грамотасымен марапаттады.
Өз кезегінде бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Мақашев өрт және төтенше жағдайлардың алдын алумен оны жоюда аянбай қызмет атқарған зейнеткерлікке шыққан әріптестерін зейнетке шығу құрметті демалыстарыңыз баянды болсын деген тілек айтып, қызметтерін абыроймен атқарғанын, күрделі де созылмалы ірі дала және тоғай өрттерін ауыздықтауға, халық мүлкін қорғауға зор үлес қосқандарын айтып, осындай зейнетке шығу сияқты іс-шараға бізде жете берейік деген ізгі тілектер білдіріп, зейнеткерлерге естелік сыйлықтар ұсынып, дәстүрімізге сай шапан жапты.
Іс-шара соңында зейнеткерлік демалысқа шығып бара жатқан зейнеткерлер арасынан сөз сөйлеген Ә.Сабырханов, қызметті бірнеше жыл бірге атқарған әріптестеріне өткен уақыттардағы оқиғалар туралы ой қозғап, қызметкерлердің отбасыларына бақытты өмір тіледі. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салаға разы екендігін айтып, зейнетке шығу іс-шарасы кезіндегі ұжыммен қоштасу ерекше ұзақ уақыт есте сақталатынын жасырмады.
Ә.ЖАППАРОВ
Жаңақорған ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты