ЖАҢАҚОРҒАНДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ
Жаңақорған ауданы әкімінің шыршасына арналған "Жаңа жыл–жаңалықтың жаршысы" атты балалар шыршасы сәтті ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған шарада алғаш болып "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев құттықтау сөз сөйледі. Аудан бойынша 42 мектептің озат оқушылары қатысқан мерекелік шарада өнерпаз оқушылар өнерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Өз өнерін көрсеткен балғындарға Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын ұсынды. Шырша кеші соңында өрендер шыршаны айнала би билеп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.