ЖАҢАҚОРҒАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
Жыл сайын дәстүрге айналған «Денсаулық фестивалін» Жаңақорған ауданында биыл «Белсенді өмір- жүз жылдық ғұмыр» ұранымен өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Денсаулық фестивалі-2014» акциясына жиналғандар саны көп болды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітбаев пен «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері С.Ысқақов сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға деген ізгі ниеттерін жеткізді. Аудандық барлық мекеме, бөлім қызметкерлері, ардагерлер, оқушылар қатысқан фестиваль орталық алаңда спорттық жарыстарға ұласты. Мектеп оқушылары флеш-моб ұйымдастырып, ардагерлер мен жастар арқан тартысып, гір тасын көтеріп, мүмкіндігі шектеулі жандар дойбыдан бақ сынауда», - делінген хабарламада.