ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ ТҰРАТЫН 81 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңақорған кентінде тұратын 81 мүмкіндігі шектеулі жанға «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құрмет көрсетілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Руслан Рүстемов мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып отырған қамқорлықтар туралы нақты мысалдар келтіре отырып баяндады. Сондай-ақ, келесі жылы мүмкіндігі шектеулі 15 баланы ауданда орналасқан шипажайда ем алуына, демалуына жағдай жасалатындығын атап өтті.
Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге аудан әкімі атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал шараға қатысып қамқорлық көрген жандар өздеріне мейірімділік танытып, құрмет көрсеткен аудан әкімі Руслан Рүстемұлына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, Жаңақорған ауданы бойынша бүгінгі таңда әлеуметтік қызметті қажет ететін азаматтар саны 226-ны құрайды. Оның 81-і Жаңақорған кентінің тұрғындары.