АРДАҚ КАМАКОВА АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ
Кеше Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы 2015 жылдың үздік педагог- психологы атанған Ардақ Камакованы қабылдады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгінде қарқынды дамып келе жатқан психолог мамандардың міндеті адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салып тәрбиелеу. Ал аталмыш сала бойынша жерлесіміздің бүгінгі жеңісі біз үшін үлкен қуаныш»,- деп атап өткен аудан басшысы Ардақ Бақдаулетқызын жеңісімен құттықтап, ноутбук табыс етті.
Психология саласында 3 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаз Ардақ Бақдаулетқызы биылғы жылдың 30 қыркүйек күні Қызылорда қаласында өткен облыстық «Үздік педагог-психолог-2015» байқауында 1 орынды иеленген болатын. Ал 4-5 қараша күндері Балхаш қаласында өткен республикалық «Үздік жыл психологі» байқауында жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады. Балабақшадан бастап ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 90- ға жуық педагог- психолог қатысқан.
Айта кетейік, Ардақ Бақдаулетқызы негізінен Семей облысы Аягөз қаласының тумасы. Жоғары санатты ұстаз бүгінде ауданға қарасты Жаңарық ауылдық округіндегі №167 қазақ орта мектебінде психолог маман болып жұмыс жасайды.