«ТАЛДЫСУҒА» АТЫРАУ МЕН АҚТАУДАН СҰРАНЫС ТҮСТІ
Кәсіпкер Қайсар Төлегенов басқаратын кәсіпорын экологиялық таза «Талдысу» суын, шабдалы, лимон шырындары қосылған қара және көк шай шығарады.
Қайсардың жасы жиырмадан енді асты. Жаңақорғаннан минералды су шығарылатынын бала күнінен білетін ол ойын әкесімен бөліседі. Әкесі ұлының бастамасын қолдап, оған қаржылай қолдау көрсетеді. Бүгінде цехта бес жігіт жұмыс істейді. Тауар сапасы халықаралық стандарттарға сай. Су пласмасса ыдысқа құйылады. Ол үшін станокты Мәскеуден арнайы алдырады.
Қайсар Төлегенов,
кәсіпкер:
- Бес және он тоғыз литрлік суды негізінен «Байкен-U», «Шалқия-Цинк» серіктестіктері алса, шағын ыдыстағы су кенттегі дүкендер арқылы халыққа таратылуда. Нарық сұранысына сай біз тағы «NEI TEA» шайларын да шығарамыз.
Күніне шығарылатын 2500-3000 литрдей өнім тапсырыс орнына тегін жеткізіледі. «Талдысуды» енді Атырау мен Ақтаудағылар да сұратып отыр.