СУНАҚАТА АУЫЛЫ 50 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы 50 жылдығын дүркіретіп атап өтті. Төрт түлегін түлетіп, Жер анадан ырзық несібесін жиып отырған ауылдың қуанышымен бөлісуге аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов пен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, жерлесіміз Ж.Мәлібеков арнайы келді.
Алдымен ауылдық клуб үйінде ауыл түлегі Оңғарбай Дәнебековтың демеушілігімен жарық көрген 272 беттен тұратын «Сығанақтың сазды әуендері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Мұнан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов пен "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов ауыл тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, ілтипатты сөзін арнаса, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, жерлесіміз Жандарбек Мәлібеков ауыл әкімі Ә.Қыстаубаеваға өз қолынан шыққан төл туынды елтаңбаны тарту етті.
Салтанатты шара ауылдағы №194 орта мектебінің ауласында жалғасын тапты. Мұнда ауылдың тарихынан сыр шертетін театрландырған көріністер көрсетіліп, айтыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақ күресі секілді спорттық шаралар тойдың көркін қыздырды.