ЖАҢАҚОРҒАНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін алғаш алып келген Хорасан Ата атанған Әбдіжәлил Баптың кесенесіне көпшілік жолдың ауырлығына қарамастан осында келіп, мінәжат етуді еш уақытта тоқтатпаған. Бұл жерге тіпті тым алыс өңірлерден зиярат етуге келіп, құрбан шалып, құлшылық жасайтындар да аз емес. Жуырда осы мәселе өз шешімін тапты. Яғни қайта жаңғыртудан өткен «Әбдіғаппар- Төлегатай-Хорасан ата» автомобиль жолы салтанатты түрде қайта пайдалануға берілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі, жерлесіміз Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев қатысып, көпшілікті құттықтады. Ал 92 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері М.Сапарбаев «Әбдіғаппар-Төлегатай-Хорасан ата» автомобиль жолын қайта жаңғыртып осынау келешекке ғибрат болар істі бастап, аяғына дейін жеткізгені үшін облыс басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Мұнан кейін келген қонақтарға танымал режиссер, жерлесіміз Қалила Омаровтың жетекшілік етуімен түсірілген «Туған жерге тағзым» атты деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, кейін «Хорасан ата» кешенінде кезекті рет ағаш отырғызу рәсімі өтті.
Айта кетейік, халық әулие бабаларға тағзым жасау үшін жолдың машақатын сезінбеу керектігі әуелден ескерілген. Сол себептен Жаңақорған ауданында 15 шақырымдық жол салу қолға алынған болатын. Оны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзі бас болып шешіп беріп, облыс бюджетінен 99,4 млн қаржы бөлінген.