ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың жүргізуімен, өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудандық соттың 2015 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы баспасөз-конференциясы өтті.
Аудандық сотпен ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 84 қылмыстық, 536 азаматтық және 535 әкімшілік құқық бұзушылық істер қаралғанын, осы қаралған қылмыстық істердің ішінде ауыр қылмыс бойынша 15 адамға қатысты 12 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, негізгі қаралған қылмыстық істердің ішінде ұрлық жасау фактісі бойынша, яғни ҚР ҚК-нің 188 бабымен істер көп қаралғанын атап өтіп, оның ішінде 31 эпизод бойынша дәлелін тапқан Ж.Таждиновтың қылмысы қаралып аяқталғанын, оның 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болғанын атап көрсетті.
Ал, қаралған азаматтық істер бойынша неке бұзу, балаларына алимент өндіру, сондай-ақ келісім-шарт негіздерінен туындайтын (азаматтардың несие алып төлемеуі салдарынан) даулар бойынша көптеген істер қаралғанын атады. Сондай-ақ, сотқа «Сот кабинеті» жүйесі арқылы азаматтардың талап арыздарын электронды түрде берулері жайлы тоқталып өтіп, БАҚ өкілдерінің өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтарына жауап беріп, баспасөз-конференциясын қатысқан журналистерге алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі