СЫР ЕЛІ - ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНІҢ БЕСІГІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Сыр елі - ислам өркениетінің бесігі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Тамырын тереңнен тартқан Сыр өңірінің тарихын зерделеп, ежелгі қалалар мен тарихи тұлғаларымыздың есімдерін қайта жаңғырту, рухани мұраларды насихаттау, жастарды отаншылдық және ізгілік рухта тәрбиелеу мақсатында өткен конференцияға аудан әкімі Руслан Рүстемұлы модераторлық жасады. Конференция жұмысына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қожа Мұхтар Баһадырұлы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Тұрар Абуов және белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, тарихшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ауданның мемлекеттік органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Руслан Рүстемұлы конференцияға қатысушыларды қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, кейін тарихшы-ғалымдарға сөз кезегін берді. Конференцияны Д.Кенжетаев "Түркі Ислам өркениетін қалыптастыруда Сыр елінде орныққан дін ғұламаларының алатын орны",Қ.Баһадырұлы "Сыр өңіріндегі қалалар және онда дәстүрлі ислам дінінің көрініс табуы", Т.Абуов "Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері" және Б.Оспанов "Ислам дінінің Қазақстан жеріне таралуы" атты тақырыптардағы баяндамаларымен жалғастырды.
Шара соңында тарихшылар мен конференцияға қатысушы жастар тақырыптық бағытта пікір алмасты.