«НҰР» СЕРІКТЕСТІГІ – ҮЗДІК
Жуырда Ақтөбе қаласында «Еуропа-Азия шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық көрмесі аясында республикалық «Сауда үздігі – 2015» байқауы жалауын желбіретті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанның барлық облысынан қатысуға өтініш білдірген 32 кәсіпкер «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны», «Үздік шетелдік компания», «Үздік көтерме сауда кәсіпорны», «Үздік сауда нарығы», «Үздік сауда ойын-сауық орталығы, кешені, сауда үйі», «Үздік жол бойы сервисі», «Үздік демалыс орны», «Жылдың үздік басшысы» номинациясы бойынша сынға түсті.
Аталмыш сайысқа облыс атынан жеке кәсіпкер, кенттегі «Нұр» сауда орталығының директоры Аблан Асенов қатысты. Конкурс барысында комиссия мүшелерінің сауда ұйымындағы тауарлардың сапасына, бағасына, отандық өнімдерді қолдауына, қызметкерлердің біліктілігіне берген бағасының негізінде жаңақорғандық «Нұр» орталық әмбебап базары «Үздік сауда нарығы» номинациясын жеңіп алды.
Айта кететіні, 320 орындық «Нұр» базары 1992 жылдан бері жаңақорғандықтарға қызмет көрсетіп келеді. Жиырма жылдан бері отбасылық бизнеспен айналысып келе жатқан А.Асеновке байқауға әзірлік барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жан-жақты көмек көрсетті.