«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА
Республикалық тарихи-мәдени экспедицияны республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, саясаттанушы Дос Көшім бастап келді. Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеменің ғылыми қызметкерлері және археологі мамандар, БАҚ өкілдерінен құралған топ көшбасын әуелі Сығанақ қаласының ежелгі қонысына бұрды. Кезінде қазақ халқының басын құраған, Сыр бойының мәдени, қолөнер, сауда орталығы атанған, Ұлы Жібек керуені бойында жатқан, он бес мұнаралы қорғаны болған қаланың орнына 2003 жылдан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы аумағы 20 гектардай жерді алып жатқан Сығанақ қаласының бас қақпасы саналған шығыс қақпасының құрылысымен танысып, 15 адамның бас сүйегі табылған сағананың құмнан аршылып, қайта қалпына келтірілген шынайы көрінісінен мол әсер алған топ мүшелері қала орнынан табылған күйдірілген қыштан жасалған тұрмыстық бұйымдарды тамашалады.
Жиналғандарға тарихи қала жөнінде мол мағлұмат беріп, жекелеген детальдарға дейін терең түсінік бере алған ХҚТУ-дың ғылыми зерттеу орталығы аға қызметкері Маралбек Амантұров одан әрі тарихи қаланың XI ғасырда Қыпшақ мемлекеті , XIV ғасырдан бастап Ақ Орданың астанасы болғанға дейінгі кезеңдеріне қысқаша шолу жасап өтті.
Күн өткен сайын құпиясы ашылып, орта ғасырдағы мәні мен мәртебесіне қауышқан қасиетті қала орнынан мол құндылықтарға қаныққан зиялы топты бұл күні аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ә.Төлегенов бастап жүрді.