ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен, аудандық сотта «Сот кабинетімен сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
Шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, судья А.Б.Бекботаев, аудан прокурорының аға көмекшісі А.А.Абдуллаев, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ғ.Нагиев, аудандық прокуратура қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен Жаңақорған ст.ЖІІБ-нің қызметкерлері, орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің өкілі, аудандық кірістер басқармасының заңгері және аға сот орындаушысы қатысты.
Семинарда аталмыш тақырып бойынша аудандық соттың жетекші маманы Б.Калдыбаев баяндама жасады. Сонымен бірге, алдағы күндері сотқа жолданылатын барлық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің тек «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде жолдануы туралы айтып өтті.
Семинарға қатысушылар тақырыпты талқылауда белсенді қатысып, баяндамашы қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі