ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ МАЛДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТАНДЫ
Үстіміздегі жылдың маусым айында Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында орын алған малдың жаппай өлімінен кейін осы елдімекеннің аумағы дезинфекциялық өңдеуден өтіп, шектеу қойылған болатын. Жаңақорған ауданындағы малдың жаппай қырылу жағдайы тұрақтануына байланысты аудан әкімінің шілде айындағы жарлығымен қорытынды дезинфекциялық өңдеуден өткен соң, Бесарық аулы мен Жаңақорған кентіндегі шектеуді алып тастамақ. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қызылорда облыстық ветеринарлық бақылау басқармасының басшысы Еркебұлан апетов және Жаңақорған ауданының әкімі орынбасары Галымжан Сопбеков мәлімдеді.
Қазіргі таңда ауданда 102044 уақ мал егілген. 1094 бас малдың егелерінің 14921,0 мың теңге көлемінде шығыны өтелді. Ал қалған 624 бас малдың егелері алдағы уақытта тиісті қаражатын алмақ.
Аудандағы барлық малға қауіп төндірмеу үшін республикалық деңгедегі үкімет органдары тегін егу препараттарын бөлу мәселесі ұсынылған болатын. Сонымен қатар, Е.Әпетов мал шаруашылығымен айналысатын аудан тұрғындарына мал басын көбейту мақсатында жаңадан мал сатып алғанда абай болудды ескертеді. Сатып алған малды басқаларынан бөлек ұстап, ветеринардың көмегіне жүгінген жөн. Ветеринар тексерген соң ғана отарға немесе үйірге қосу керек. Сондай-ақ малдарды егуге де аса мән берген дұрыс.